Алля Анаров – Социалисттік Еңбек Ері атағын екі рет алған (1948, 1951) Қырғызстанның Ош облысының Араван ауданының «Коммунизм» колхозының бригадирі (1951-1962).

Алля Анаров – КСРО Жоғары Советінің 2-ші шақырылуының, Қырғыз КСР Жоғары Советінің 3-4 шақырылуының депутаты.

Өмірбаяны 1939 жылдан КОКП мүшесі. 1931-51 ж. колхозда звено жетекшісі болып шитті мақтадан мол өнім жинады: 1948 ж. – әр гектардан 100,9 ц, 1949 ж. – әр гектардан 88,5 ц, 1950 ж. – әр гектардан 74,5 ц, 1951-62 ж. мақта бригадасының бригадирі, 1962-67 ж. осы колхоздың егіс бригадасының бригадирі, 1967-68 ж. тың жерде ұйымдастырылған «Пахтачи» совхозының мақта бригадасының бригадирі болып істеді.

Марапаттары Алля Анаров 5 рет Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені және медальдармен марапатталған. Бүкіл одақтық ауыл шаруашылығы және халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің бес Үлкен алтын, жеті Кіші алтын медальдарына ие болды.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Екі мәрте Социалистік еңбек ерлері