Қалталы құмырсқа қоректі немесе Намбат немесе Қалталы құмырсқажегі () — Жыртқыш қалталы сүтқоректілер отрядының монотипті Қалталы құмырсқа қоректілер () тұқымдасының жалғыз биологиялық түрі. Myrmecobiidae Wilson D. E. & Reeder D. M. (editors). 2005. Mammal Species of the World. A Taxonomic and Geographic Reference (3rd ed.). — Baltimore: Johns Hopkins University Press, 2 vols. (2142 pp.) ISBN 978-0-8018-8221-0 .

Олардың қалтасы болмайды, туған балалар санына қарай өсіп отыратын ұзын түк басқан емшектері болады. Дене тұрқы жағынан номбат атжалманнан үлкен болмайды. Жалпы жаратылысы - баяу, бірақ тез жүгіре де, секіре де алады. Термиттермен қоректенеді. Олардың ағашқа үңгіп кірген жерлерін иіскеп тауып алған номбаттар жіңішке, жабысқақ, ұзын тілін көз ілеспес жылдамдықпен сұғып жіберіп, бір бірлей жей бастайды. Егер ағаш діңі шірік болса тырналап, іріректерін тұмсығымен алып лақтырады. Тойғаннан кейін қираған ағаштың қуысында демалады.Ол түнде қатты ұйқыға шомады.Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727

Түршелері Қалталы құмырсқажегі 2 түрше болады: M. f. fasciatusФишер Д., Саймон Н., Винсент Д. Красная книга. Дикая природа в опасности / ағылш. аудару, под ред. А. Г. Банникова. — М.: Прогресс, 1976. — С. 30—32. — 478 с. M. f. rufus

Дереккөздер

Санат:Қалталылар