Дулыға () — қалқанның үстінде орналасатын геральдикалық элемент. Бастапқыда Батыс Еуропа геральдикасында елтаңба иесінің атағына және титулына тәуелді дулығалар болатын. Ежелгі елтаңбаларда сарбаздық кару-саймандар, дулығалар профиль түрінде бейнеленетін, бірақ XV ғасырдан кейін оларды тура суреттейтін болды. Сондай-ақ елтаңбадағы дулығаның орналасуы (тура, профиль, оңға немсе солға бұралған және т.б.) және әшекейлену ерекшеліктері айырым белгілер ретінде маңызды рөл атқаратын, мысалы: Патшалар мен императорлардың дулығалары әшекейлер мен оюлардан тұратын, беткі жағы ашық және шілтерсіз болып келеді; Ханзадалар мен герцогтердің дулығалары күміс және ашық; Маркиздерде тура солай, бірақ шілтері жабылған; Графтардың дулығалары күмістен жаслған, шілтері жабық, үшке төрт және тоғыз елегі бар; Барондардың дулығалары жылтыратылған күмістен жасалған, шілтерінде жеті елегі болады; Дворяндық дулыға жылтыратылған болаттан құйылған, шілтері төрт електен тұрады.

Әдебиет

Санат:Елтаңба элементтері