Шайтанкелмес немесе көкшіл көкшегүл () - көп жылдық, көкшегүлдер тұқымдасы көкшегүл туысына жататын шөп тектес өсімдік.
Сипаты thumb|left|180px| Тамыр сабағы қысқа, одан көптеген жіңішке тамырлар тарайды. Жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасқан, қауырсын тәрізді, сопақша, ұштары сүйір келеді. Төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғы жағындағы жапырақтары отырмалы. Гүлдері көкшіл түсті, майда, жағымды иісі бар. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен болады. Жемісі - сопақша келген көп тұқымды қауашақ. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі. Өсетін ареалы: ормандардың шеттерін, шабындықтар, жолдардың жиегі, өзендердің жағалары, орман ішіндегі алаңқайлар.
Емдік қасиеті Шайтанкелмес - халық медицинасында көп тараған дәрілік өсімдіктердің бірі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамыр сабағын және тамырын тамыз-қыркүйек айларында қазып, жинап алады. Құрамында сапониндер, шайыр, органикалық қышқылдар, эфир майлары бар. Бұл өсімдікті жүйке жүйесін тыныштандыратын, қақырық түсіретін дәрі есебінде пайдаланады. Сонымен қатар қояншық ауруына қарсы және ұйқы қашқанда қолданылатын шипалық қасиеттері бар. Шайтанкелместі асқазанға және ұлтабарға жара түскенде емдеу үшін де пайдаланады.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
Тағы қараңыз Дәрілік өсімдіктер
Дереккөздер
Санат:Көкшегүлдер Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Қазақстан флорасы