Көгала үйрек немесе Гоголь - - сүңгуір үйректер тұқымдасына жататын құс.

Биологиялық сипаттама Денесінің ұзындығы 50 см, салмағы 600-1100 г. Қауырсыны қара-қоңыр. Ұсақ балықтарды, судағы омыртқасыз жәндіктерді және өсімдік дәндерін жейді. Ағаш кеуектеріне ұялап, 8-12 жұмыртқа салады. Қолдан жасаған кеуектерге де ұялайды. Қысқа қарсы қайтып кетеді.

Таралуы Гоголь Еуропаға, Азияға және Солтүстік Америкаға тараған. ТМД-да оңтүстік теңіздерде,көлдерде қыстайды. Құс Қазақстанда Марқакөлде, аздап Қара Ертісте, Семей маңында ұялайды. Түлеу кезінде Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Астана, Қарағанды, Павлодар облыстарында кездеседі.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Сыртқы сілтемелер Позвоночные животные России: Обыкновенный гоголь Фото и видео с участием обыкновенного гоголя ()

Санат:Сүңгуір үйректер