Ефим Семенович ПетренкоГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке машина-трактор стансасының директоры (1946). 1904 жылы Украинада, Харьков облысы, Шульгиновка селосында туған, сол жылы отбасы Верный (қазіргі Алматы) қаласына қоныс аударады.

Еңбек жолы мен жетістігі 1921 жылы комсомол, ал 1928 жылы партия мүшелігіне өтеді. 1930 жылдан бастап советтік, партиялық және шарушылық ұйымдарда жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысы жылдары социалистік құрылысты қалыптастырудағы белсенділігі үшін ҚазССР Жоғарғы Советінің грамотасымен және астық тапсырудағы мемлекеттік жоспарды ойдағыдай орындағаны үшін Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен наградталады. 1946 жылы Мерке МТС-ның директоры болған ол, сол жылы тракторлық жұмыстар жоспарын 101% -ке, 1947 жылы 107,8% -ке орындайды, колхоз өңделген 302 гектар жердің әр гектарынан 430 центнерден қант қызылшасын алады.

Наградалары Ұлы Отан соғысының II дәрежелі ордені Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері