Имамверди Кялби-Оглы МәмедгасановГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Новый Путь" колхозының қызылшашылар тобының звеношысы (1947). 1925 жылы Әзірбайжанда, Масаллинск ауданы, "Гызылагадж" селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1937 жылы ата-анасымен Қазақстанға қоныс аударады, 1943 жылға дейін "Новая дорога" колхозында жұмыс істейді. 1943 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысында атқыштар бөлімшесінің құрамында соғысып, жеңіске дейін жетеді. Жауынгерлік ерліктері үшін "За боевые заслуги", "За взятие Вены","За взятие Будапешта", "За Освобождение Праги" және "За победу над Германией" медальдарымен наградталады. 1946 жылы өз колхозына оралып жұмысын жалғастырады, 1947 жылы "Новый путь" колхозының қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалады. Осы жылы 4 гектар жердің әр гектарынан 616 және 2 гектар жердің әр гектарынан 813 центнерден жоғары өнім алғаны үшін КСРО Жоғарғы Советінің жоғары наградасына ие болады.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері