Асажан КөбелековГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Алматы облысы, Қаскелең ауданы, "Менжинск" колхозының қант қызылшасы бойынша звеношысы (1947). 1907 жылы Семей облысында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 14 жасынан байларда жалшы болады. 1930 жылы Менжинск колхозына жұмысқа кіреді. 1935 жылы Алматыға қоныс аударып, баспаханада жұмыс істейді. 1937 жылы туған колхозына қайта оралып колхозшы болады. Ұлы Отан соғысы кезінде майданда болып, жауынгерлік ерліктері үшін "За победу над Германией" медалімен наградталады. 1946 жылы соғыстан өз колхозына оралған оны егіншілер бргадасының бригадирі етіп тағайындайды. 1947 жылы қаңтар айында қызылшашылар тобының звеношысы етіп ауыстырылады. Тыңғылықты күтімінің арқасында 2 гектар жердің әр гектарына 802 центнерден қант қызылшасын өсіреді.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері