Жантоқова ДариғаГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Красная Звезда" (қазіргі Қызыл Жұлдыз) колхозының қызылшашылар бригадасының звеношысы (1944). 1918 жылы Жамбыл облысы, Қостөбе ауылында туған.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Еңбек жолы мен жетістігі 1938 жылы "Красная Звезда" колхозына жұмысқа кіреді. 1944 жылы қызылшашылар бригадасының звеношысы болып тағайындалып, қажымай еңбек етеді. Бригада қант қызылшасынан өнім алу бойынша өздерінің көрсеткіштерін көтереді: 1945 жылы - 225 центнерден; 1946 жылы - 245 центнерден; 1947 жылы - 4 гектар жерден 1046 центнер, оның ішінде 2 гектар жерден 1143 центнерден рекордты өнім алады.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері