Ярох Елена НестеровнаГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы (қазіргі Ұлан ауданы), "Красный Октябрь" колхозының егіншілер бригадасының звеношысы (1946). 1908 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Таврия селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі Еңбек жолын ерте бастап колхозға жұмысқа кіреді. 1946 жылы "Красный Октябрь" колхозында егіншілер бригадасының звеношысы болып тағайындалады. Оның бригадасы 8 гектар астық алқабының әр гектарынан 30,06 центнерден өнім алып, міндеттемелерін абыроймен орындайды. Сол жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. 1948 жылы Таврия аудандық Советінің депутаты болады.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Государсетвенный архив ВКО
Санат:Социалистік еңбек ерлері