Торайғыр — Ертіс алабындағы көл.

Географиялық орны Павлодар облысының Баянауыл ауданы Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Ақбет тауының етегінде орналасқан.

Аумағы Ауданы 0,88 км2, ұзындығы 1,8 км, ені 0,6 км. Орташа тереңдігі 3,1 м. Суын оңтүстігінде таулы (абсолюттік биіктігі 800-1000 м), солтүстігінде ұсақ шоқылы (салыстырмалы биіктігі 15-50 м) алаптан жинайды.

Жер бедері Көл тектоникалық ойыста пайда болған, жағасы жақпартасты, тік. Суында мөңке, алабұға, т.б. балықтар кездеседі. Көл – осы өңірде туып-өскен қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровтың есіміне байланысты жерлердің бірі. Ақын бейіті осы көлдің маңында.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

Көлде Жартас деп аталатын аралдар бар.https://e-history.kz/kz/news/show/538

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы