Достық — Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Мырзакент кентінен оңтүстік-батысқа қарай 3 км-дей жерде., Сырдария аңғарының баялыш, көкпек, т.б. астық тұқымдастары өскен құмдақ сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен5783 172 207,2 44 99 225 39 73 187,2

Тарихы Іргесі 1954 жылы мақта өсірумен айналысатын “Абай” кеңшарын ұйымдастыру кезінде қаланған. Кейіннен кеңшар бөлімшесі болды. Достықта шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Мақтаарал ауданы елді мекендері