Медин Владимир ЕгоровичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр - Социалистік Еңбек Ері (1948), механик. 1913 жылы Ресейде, Рязань облысы, Зеленое селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1931 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 18 жасынан бастап Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал күріш совхозында тракторшы болып еңбек етті. 1934 жылы тракторшылар бригадасының бригадирі және жөндеу базасының меңгерушісі болады. 1938 жылы совхохдың бөлімше механигі болып тағайындалады. 1942 жылы Үштөбе МТС-на аға механик болып ауысып, Үштөбе МТС-ын республика бойынша алдыңғы қатарлы МТС-тың бірі етеді: барлық 17 колхозда астық дәнді дақылдар үшін сүдігер 20 см тереңдікте, ал қант қызылшасы үшін 25-27 см тереңдікте жыртылып, тырмалау қатар жүргізіледі; трактормен 5784 гектар жердің орнына 6304 гектар сүдігер жер жыртылады; қант қызылшасы мен астық дәнді дақылдар қысқа уақыт, 8 жұмыс күні аралығында 3383 гектардың орнына 4159 гектар жерге егіледі; сапалы жөндеу жұмыстарының арқасында МТС комбайнмен өнім жинау жоспарын 140%-ке орындайды.
Наградалары "Құрмет белгісі" ордені Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері