Суринам (, , ), ресми атауы Суринам Республикасы (, ) — Оңтүстік Американың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет.
Суринам Гайанамен батыста, Француз Гвианасымен шығыста және Бразилиямен оңтүстікте шектеседі. Ал солтүстікте Атлант мұхитымен шайылады.
Саяси құрылымы Суринам парламенттік республика болып саналады. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Ол парламентің бірыңғай шешімі бойынша 5 жылға сайланады. 2010 жылдың тамызында – Дези Баутерсе президент болып сайланды.
Парламент – бір палаталы Мемлекеттік жиын. Депутат тұрғындардың шешімі бойынша 5 жылға сайланады. Жалпы депутаттар саны – 51.
2010 жылдың мамыр айындағы сайлаулардың қорытындысы: Мега-комбинация (соның ішінде Ұлттық-демократиялық партия) – 23 депутат Демократия мен даму үшін жаңа майдан – 14 депутат А-комбинация – 7 депутат Өрлеу үшін халықтық альянс – 6 депутат Бірлік арқылы демократия мен даму үшін партия – 1 депутат
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
№ Округ Әкімшілік орталығы Жер аумағы, км² Халық саны Халық тығыздығы, адам/км² 1БрокопондоБрокопондо қаласы7 36414 215 адам1,93 2КоммевейнеНьив-Амстердам қаласы2 35324 649 адам10,48 3КорониТотнесс қаласы3 9022 887 адам0,74 4МаровейнеАлбина қаласы4 62716 642 адам3,60 5НиккериНьив-Никкери қаласы5 35336 639 адам6,84 6ПараОнвервахт қаласы5 39318 749 адам3,48 7ПарамарибоПарамарибо қаласы183242 946 адам1327,57 8СарамаккаГронинген қаласы3 636 15 980 адам4,39 9СипаливиниПарамарибо қаласы130 56734 136 адам0,26 10ВаникаЛелидорп қаласы44285 986 адам194,54 Барлығы163 820492 829 адам3,01
Тұрғындар Тұрғындар саны – 566 846 (шілде, 2013)
Жылдық өсімі – 1,15 %
Бала туы – 1000-ға 17,1
Өлімі – 1000-ға 6,15
Өмірдің орташа ұзақтығы – ерлерде – 69 жыл, әйелдерде – 74 жыл
Иммунодефицитті вируспен жұқтыру (АИВ инфекциясы) – 1% (2009 жыл)
Қала халқы – 69% (2010)
Этнос құрамы Үнділер – 37 % Креолдар (негізінде мулаттар) – 31 % Явандар – 15 % Марондар – 10 % Үндістер – 2 % Қытайлықтар – 2 % Ақтар – 1 % Басқалар – 2 %
Діңдер құрамы Индуистар – 27,4 % Протестанттар (көбі моравандар) – 25,2 % Католиктар – 22,8 % Мұсылмандар – 19,6 % Басқалар – 5 %
Дереккөздер
* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері