Тропикалық орман - Оңтүстік және Шығыс Азияда мұхиттан үздіксіз соғатын жел - пассатар мен муссондар бар. Сондықтан сол жақ үнемі ылғалды, онда қабатты батпақты ормандар кездеседі. Бұл тропикалық белдеу аймағы деп аталады.

Жануарлар

Гималай Аюы - қоңыр аюға қарағанда денесі шағын, сымбаттырақ, тұмсығы да жіңішке. Жүні қара , қалың әрі үлпілдек. Шөп қоректі. Жыртқыштығын көп көрсетпейді.

Үлкен панда , немесе бамбук аюы Оңтүстік Қытайың тауларын мекендейді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Оның аяқтарында басқаларына қарсы орналасқаналтыншы бармағы да бар. Олар бамбуктың жұмыр сабағын ұстауға көмектеседі. Олар ұзақ ұйқыға жатпайды.

Үнді тырнасы немесе антигона - өте сенгіш құс. Қолға тез үйренеді, кейде тіпті күзетші - иттің де орның жоқтатпайды. Үндістанды , Бирманы , Камбоджаны, Вьетнамды мекендейді. Өсімдіктерді , кесіркелерді , жыландар мен моюсктерді жейді.

Тауыс (павлин) үй тауығының алыстан қосылатын тұқымдасы. Тамағын жерден тауып жейді. Жұмыртқаны жарып шыққан балапандарының үсті өалың мамықты болады.

Гаур ірі , күшті бұқа. Жүні қысқа болғанмен , тығыз тұрады. Мүйізі метрден аса ұзын болады.

Дереккөздер

1999Москва. РОСМЕН.Алматыкітап