Николай Александрович Пономарев Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9-том, 640 б. Алматы - 1976ж. - Социалистік Еңбек Ері (1971), Қазақстан партия, совет қызметкері. 10 қазан 1929 жылы Қостанай қаласында туған.
Еңбек жолы 1955 жылдан КОКП мүшесі. 1951-1963 жылдары - Қостанай облысы "Федоровский", "Кеңарал", "Владимировский" совхоздарында агроном, совхоз директоры. 1963-1971 жылдары - Қостанай облысы партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Комсомол аудандық (қазіргі Қарабалық ауданы) партия комитетінің 1-секретары. 1971 жылдан Қостанай облыстық Советі атқару комитетінің председателі.
Жетістігі 1971 жылдан КОКП ОК мүшелігіне кандидат, Қазақстан КП ОК мүшесі. 7-ші сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.
Наградалары 2 мәрте Ленин ордені 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1971) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары