Галина Андреевна АдаменкоҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1948), агроном. 1922 жылы Украинада, Полтава облысы, Велико-Богачев ауданы, Попов cелосында туған.

Өмірбаяны 2004 жылы 5 мамырда Галина Адаменко Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Мемлекетке сіңірген еңбегі, қоғамды топтастырудағы белсенді қоғамдық қызметі үшін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 59 жылдығына байланысты «Құрмет» орденімен марапатталды.

Еңбек жолдары 1942 жылы - Жамбыл облысы, Мерке ауданындағы "Красный Октябрь" колхозында агроном, кейін аға агроном. 1949 - 1960 жылдар - Шу МТС-інің директоры. 1960 - 1969 жылдар - Шу ауданындағы"Новый путь" колхозының председателі. 1969-1977 жылдар - Шу ауданы атқару комитетінің преседателі. 1977 жылдан аудандық өсімдік қорғау стансасының бастығы болды.

Жетістігі 1952-1954 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК-інің мүшесі. 2 - сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. 3-4 - сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.

Наградалары Ленин ордені (1948) Еңбек Қызыл Туы ордені Социалистік Еңбек Ері (1948) Құрмет Белгісі ордені Құрмет ордені (5 мамыр 2004 жыл)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары