Марио Гомес Гарсия (исп. Mario Gómez García 10 шілде 1985 жыл, Ридлинген, Баден-Вюртемберг, ГФР) — германиялық футолшы, шабуылшы, тегі испан.
Кәсібі 2009 26 мамыр 2009 жылы Бавария Марио үшін Бундеслигада ең жоғары ақша төлеген кейбір деректермен 30-35 миллион еуроға дейін. Алғашқы маусымда Гомес тамаша ойын көрсеткен бірақ одан көбірек күткен. Марионың мүлттерін Германия құрамасының жанкүйерлері тамаша біледі, өйткені ол Финляндияға қарсы ойында бір метр арақашықтықтан допты қақпаға сала алмаған. Ол ойын 3-3 есебімен аяқталған. Жеңілістен немістерді Мирослав Клозе құтқарған.
2011 7 мамырда Гомес «Санкт-Паули» қақпасына хет-трик салған, осы хет-трик оның 2010/11 маусымында 5-ші сериясы болған. Осы 5 хет-триктің ішінде 1 добы оның 100-ші добы болып саналған,яғни ол Бундеслиганың жоғарғы дивизионында 100 доп соққан.
10 қыркүйек ол өзінің ең тамаша ойының өткізді себебі Марио 4 доп салған. Ол доптардың барлығы «Фрайбург» қақпасына салынған. Сол ойынды Бавария 7-0 есебімен ұтқан.
2013 16 сәуір Вольфсбургқа қарсы ойында 3 гол салған. Дегенмен айта кететін жәй ол Манджукичті ауыстырған соң 80,83,86 минуттарда хет-трик салған. Дәл осы 16 сәуірде Мариоға "Ювентус" және "Интер" көз салғаны туралы мәлімет тараған. Ал оның агенті Ули Фербер, Гоместің Бавариядағы жағдайы ойыншыға ұнамай жүргенін айтты.
Қызықты фактлер 2010 жылғы интервьюда Гомес гомосексуальді футбол ойыншыларына өздерінің сексуальда орентациясын жасырмауын айтты. Өйткені бұл мәселе Германияда бірнеше жылдар бойы табу емес.http://www.eluniverso.com/
Transfermark.de сайтының статистикасы бойынша Марио 35 млн еуроға бағаланған.transfermarkt.de
Жетістіктері
Командалық «Штутгарт»
Германия чемпионы: 2006/07
«Бавария»
Германия чемпионы (2): 2009/10, 2012/13 Германия кубогы (2): 2009/10, 2012/13 УЕФА чемпиондар лигасы: 2012/13
«Бешикташ»
Түркия чемпионы: 2015/16
Германия
ЕУРО-2008 финалисі Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2012, 2016 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2010
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Марио Гоместің офицалды сайты Бавария офицалды сайты
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары