Лидия Васильевна Кочетова ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1983), тоқымашы, жеңіл өнеркәсіп өндірісі озаты. 9 сәуір 1943 жылы Харьков облысы, Сахновщинский ауданы, Надежно селосында туған.

Еңбек жолдары 1973 жылдан КОКП мүшесі болды. 1982 жылы жоспар бойынша тоқылуға тиісті 103,6 мың қума м мата тоқыды. 1983 жылдың 11 айы ішінде жоспардағы 98,2 мың қума м матаның орнына 208,1 мың қума м мата тоқыды. 1976 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-інің мүшесі. 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.

Жетістіктері Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты ҚазССР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Наградалры Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1983) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері