200px|right|Curiosity Curiosity (қазақша мағынасы қызығушылық дегенді білдіреді) — Марс бетіндегі Гейл кратерін зерттеуге арналған NASA-ның Марс ғылыми лабороториясы миссиясының аппараты (MSL).
Curiosity қарашаның 26, 2011 жылы Cape Canaveral станциясында сағат 10:02 EST ұшырылып Гейл кратерінің Aeolis Palus деген жерінде тамыздың 6, 2012, 05:17 UTC уақытында сәтті қонды. Қонған орнының координаттары: .
Аппарат мақсаттары мен тапсырмалары мынандай болды: Марс ғаламшарының климатын және геологиясын зерттеу; Гейл кратерінің арнайы телімдерінде бұрын соңды қоршаған ортада (микробиологиялық) тіршілік иелері болды ма, соның ішінде Марстағы су; және адамзаттың болашағы үшін ғаламшараралық тіршілік мүмкіншілігі сияқты сұрақтарға жауап іздеуге көмектесу.
Curiosity's дизайны жоспарланған Марс 2020 миссиясының негізін қалайтын болады. 2012 жылы қараша айында Curiosity-дің екі-жылдық миссиясы белгісіз уақытқа дейін ұзартылды. Құрамы Ұшумодулі 350px Модуль Mars Science Laboratory траекториясын Жерден Қызыл жұлдықға дейін ұшуын басқарады. Сонымен қатар құрамында ұшуды қолдау және температураны қадағалау құрылғылары да бар. Қызыл жұлдыз атмосферасына кіру барысында ұшу модулі мен түсіру аппараты бір бірінен бөлінеді. Капсула Капсула атмосфера арқылы түсіру үшін керек. Ол аппаратты ғарыштық кеңістік әсерінен және Қызыл жұлдыз атмосферасына кіру кезіндегі қиыншылықтардан қорғайды. Жоғарғы жағында құлау жылдамдығын азайтуға арналған парашют контейнері бар. Парашют контейнері қасында бірнеше байланыс антенналары бар. Аспандық кран 280px Жылуқорғауыш экран мен капсула өз жұмыстарын аяқтаған соң олар аппараттың түсуін жеңілдету мақсатында ажыратылады. Ажыратылғаннан кейін кран аппаратты Қызыл жұлдыз бетіне дәл және жұмсақ қонуды қамтасыз етеді, бұл реактивті қозғалтқыштар есебінен орындалды және радиолокатор көмегімен басқарылады. «Кьюриосити» аппараты 300px «Кьюриосити» аталатын аппарат миссияның негізгі бөлігі болып табылады, оның құрамында ғылыми құрылғылар мен маңызды байланыс жүйелері мен қуатпен қамтамасыз ететін құралдар да бар. Ұшу барысында шассиі орын үнемдеу мақсатында жиналады. Жылуқорғауыш экран 350px Жылуқорғауыш экран аппаратты Қызыл жұлдыз атмосферасында тежелу барысында аппаратқа әсер ететін жоғары температурадан сақтайды.
Түсірілетін аппарат 350px Түсірілетін аппарат массасы (ұшу модулімен бірге суретте көрсетілген) 3,3 тонна құрайды. Түсірілетін аппарат Қызыл жұлдыз атмосферасында тежелу кезінде басқарылмалы қауіпсіз төмендеу мен ғаламшар бетіне жұмсақ қону үшін арналған.
Суреттер
Ауқымды суреттер
Дереккөздер
Санат:Марс Санат:Ғарыш нысандары туралы аяқталмаған мақалалар Санат:Ғарыш зерттеулері