Imageboard (, Имиджбо́рд — «сурет тақтасы», сонымен қатар имиджборда, борда, чан сөзінен) — хабарламаларға суреттер қосуға мүмкіндік беретін веб-форумның бір түрі. Атының ұқсастығына қарамастан имиджбордтардың имиджге еш қатысы жоқ. Екі сөз де ағылшынның image (сурет, көшірме, кейіп) сөзінен шыққан.
Ерекшеліктері Имидждбордтар басқа форумдардан мынадай сипаттарымен екрекшеленеді: анонимдық — хабарламаларды ешқандай тіркелгісіз қалдыруға мүмкіндік бар. Имиджбордтардың кей бөлімдерінде тек қана анонимды түрде хабарлама қалдыруға мүмкіндік беріледі. Анонимды емес хабарламалар рұқсат болса, тіркелу әдеттегіде трипкодтар жүйесі арқылы іске асады. файлдарды қосуға мүмкіндік — әрбір хабарламаға файлды қосуға мүмкіндік (бірнеше файлды қосу сирек кездеседі). Негізінен тек графикалық файлдарды қосуға болады, бірақ кейде flash немесе mp3 файлдарды қосу мүмкіндігі де кездеседі. негізінен архивацияның жоқтығы — имиджбордтың әр бөлімі тек белгіленген тредтер санын сыйғыза алады. Тредтегі жаңа хабарлама оны тізімнің үстіне көтереді. Жаңа тред жасалғанда ең астында тұрған, яғни соңғы хабарлама ең кеш қалдырылған тред өшіріледі. архивация мүмкіндігі — имиджбордтың әр бөлімі архивацияға икемделуі мүмкін, сонда тредтаер өшірілудің орнына арнайы директорияға көшіріледі.
Дереккөздер
Тағы қараңыз 4chan Аноним
Санат:Интернет Санат:Имиджбордтар