Ғани Қабылбекұлы Досаев (10.10.1973 ж. т., Жуалы ауданы, Тасбастау а.) – кикбоксшы, Қазақстанның еңб. сің. спорт шебері (1998).
Спорттық жолын Б.Ізбасаровтың жетекшілігімен бокстан бастаған. 1992 жылдан бастап З.Насыровтың жетекшілігімен кикбокспен айналысады. Кикбокстен Еуропа чемпионы (1996, Белград, Югославия) дүние жүзі чемпионы (1997, Лодзь, Польша) дүние жүзі Кубогінің иегері (1997, Бухарест, Румыния) Азия Кубогінің иегері (1997, Бішкек, Қырғызстан) Еуропа чемпионы (1998, Мюнхен, Германия) болды. Еліміздің бес дүркін чемпионы.Қазақ Энциклопедиясы, 5-том
Дереккөздер
Санат:10 қазанда туғандар Санат:1973 жылы туғандар Санат:Жуалы ауданында туғандар Санат:Қазақстан кикбоксшылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері