Эндр және Луара () — Франциядағы департамент, Центр аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 37. Әкімшілік орталығы — Тур. Халық саны 554 мың адам (1999 ж.). Департамент атауы аумағындағы екі басты өзеннен шықса керек.

Географиясы Жер аумағы 6127 км2.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 3 округ, 37 кантон және 277 коммунаны қосады.

Тарихы Эндр және Луара — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Турень провинциясының аймағында пайда болған.

Тағы қараңыз Эндр және Луара департаментінің коммуналары

*