Тұрғын үй құқығы - тұрғын үйге деген құқықтың пайда болуы, жүзеге асуы, жойылуы айналасында туындайтын қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін құқық саласы. Тұрғын үй құқығы әр түрлі құқықтық актілерде бекітілген нормаларды жинақтап, бір актіге біріктірілген тұрғын үй заңы арқылы тұрғын үйді меншіктену, пайдалануға беру, жер учаскелеріне үй салу, т.б. қоғамдық қатынастарын реттейді. Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том