Тибр (Tevere) – Италиядағы, Апеннин түбегіндегі ең ірі өзен. Ұзындығы 405 км, су жиналатын алабы 16,5 мың км². Тоскано-Эмилиан Апеннин және Умбро-Марк Апеннин қыраттарынан басталып, Маремма жазығы арқылы ағып, Тиррен теңізіне атырау жасап құяды. Орташа су ағымы 260 м3/с, қыста суы мол, негізінен жер суаруға пайдаланылады. Төменгі ағысында кеме жүзеді. Жағалауында Италияның астанасы – Рим орналасқан. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 8 том Дереккөздер
Санат:Италия өзендері