Мысыр тілі - б.з. 5 ғасырында қолданыстан шыққан өлі тіл.
Мысыр тілі ежелгі (б.з.б. 30 – 22 ғасырлар), орта (б.з.б. 22 – 16 ғасырлар), жаңа (б.з.б. 16 – 8 ғасырлар) және демотика тілі (б.з.б. 8 ғасыр. – б.з. 5 ғасыр.) деп бөлінеді. Семит-хамит тіл шоғырының египет бұтағына жататын мысыр тілі копт тілімен (қ. Мысыр жазуы) қатар 5 ғасырға дейін өмір сүрді. 5 ғасырдан бастап копт тілінің үстемдік алуына байланысты қолданыстан шығып қалды. Шампольон жасаған ежелгі Мысыр тілінің грамматикасы бойынша сөйлем баяндауышының қай сөз табынан жасалғанына байланысты етістікті немесе есімді сөйлем болып бөлінеді."Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
Дереккөздер
Санат:Ежелгі тілдер Санат:Ежелгі Мысыр мәдениеті Санат:Мысыр тілдік жанұясы