Шолақов Ержан (1818 – 1905) – қоғам қайраткері. Орынбор кадет корпусында оқыған, генерал Перовскийдің Хиуаға жорығына қатысқан, офицерлік атағы болды. Көп жылдар бұрынғы Орал облысы Қарашығанақ болысын басқарған ол қызметі үшін бірнеше орденмен және атаулы сыйлықтармен марапатталған. 1900 жылы орыс демократ-жазушысы В.Г. Короленко Шолақовтың үйінде қонақта болған. Короленко оны өз еңбектерінде зиялы әрі зерделі реформатор деп бағалаған. Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Ержан Шолақов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.