Шолақеспе – Еспе алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 30 км.

Бастауы Ұрыңқай тауының оңтүстік беткейінен басталып, Үйтас қонысында тартылып қалады.

Гидрологиясы Жоғарғы ағысында арнасы жайдақ. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекелеген қарасуларға бөлініп кетеді. Мал суаруға пайдаланылады, алабында жайылымдық жер бар.Қазақ энциклопедиясы 9 томҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы