Боранқұл Көшмағамбетұлы (1928 ж.т., Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Мұңлы-Қулы ауылы) — күйші-домбырашы.

Жетіру тайпасының Тама руынан шыққан.http://old-site.karlib.kz/saryarka_kyoi.pdf

1948 — 93 ж Жамбыл облысы Сарысу, Талас аудандарында ұстаз болған. Ол Арқаның күйшілік дәстүрінде “Ана жүрегі”, “Ақ кесене”, “Арнау”, “Боздақтар”, “Батыр”, “Жолайырық”, “Жан сыры”, “Желтоқсан”, “Кербез аққу”, “Қайран елім, қазағым”, “Қоштасу”, “Құлагер”, “Майданнан хат”, “Толғау”, “Ұстаз”, “Ықылас туралы толғау” сияқты қырыққа тарта күй шығарған.

Боранқұлдың күйлері Қазақ радиосының қорында сақтаулы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:1928 жылы туғандар Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:Күйшілер Санат:Домбырашылар Санат:Сарысу ауданы тұлғалары Санат:Талас ауданы тұлғалары