Тұздықақ, Ащықақ – Нарын құмының солтүстік-батысындағы сор.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында орналасқан.

Жер бедері Сор солтүстік-батыстан шығысқа, оңтүстік-шығысқа қарай доғаша иіліп созылып жатыр. Ұзындығы 110 – 120 км, орташа ені 15 км, солтүстік-батысында 35 км-ге дейін жетеді. Ойыстау келген сор теңіз деңгейінен 8 м төмен жатыр. Көктемдегі қар суының еріп, осы ойысқа шоғырлануынан пайда болған. Түбінде жұқа тұз қабаты түзілген. Тұзды балшықтың құрамы сульфатты-хлоридті, тұнбасының жалпы минералдары 5 – 10 г/л.

Өсімдігі Жер бедеріне сорға, тұзға төзімді өсімдіктер тән. Олар: ақсора, тұзбұршақ, қаңбақ, сораң, қарабарақ, т.б. Шеткі бөліктерінде наурызгүл, сарысазан, шағыр, қарасексеуіл, қаражусан, т.б. өсімдік түрлері өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Бөкей ордасы ауданы көлдері Санат:Сорлар