Захан Ескендіров Захан Ескендіров (1918 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы – қоғам қайраткері. Еңбекшілер депутаттары Оңтүстік Қазақстан облыс(ы) Кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1958 – 62). Қазақ педагогика институттын және Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1937 – 43 жылдары инспектор, аға инспектор, Алматы қаласының Халық ағарту комиссариаты саяси ағарту мекемелері басқармасының бастығы, 1944 – 47 жылдары Қазақстан Жастар одағы Оңтүстік Қазақстан облыс(ы) комитетінің бірінші хатшысы, 1947 – 58 жылдары облыстық Фрунзе, Ильич аудан комитеттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Сілтемелер