Бұқтырма – Ертістің оң саласы.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай, Алтай аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 336 км, су жиналатын алабы 12 660 км2. Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 214 м3/с.
Бастауы Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды.
Гидрологиясы Өзен аңғарының беткейлері тік жар, терең шатқалды, аңғарының ені 5 — 6 км, тар жері 0,3 — 0,4 км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде, жазда тасиды. Мұзқұрсау қарашаның 2-жартысында қалыптасып, әдетте 80-200 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 50-80 см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы (100-250 мг/л). Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады. Ағысының күштілігіне байланысты Бұқтырма атанған.
Салалары Басты салалары: Ақбұлақ, Сарымсақты, Ақ Берел, Черновая, Язовая, Бобровка, Черневая, Хамир, Тұрғысын, Коробиха
Флора мен фаунасы Тұнық суында қарауыз, таймен бар.Қазақ энциклопедиясы
Тағы қараңыз Бұқтырма көпірі
Дереккөздер
Санат:Алтай ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы Санат:Катонқарағай ауданы өзендері