Қожақат— раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда барлық жерде кездеседі. Орманда, бұта арасында, өзен мен жылға жағасында, бау-бақшада өседі. Сабағы тік. Жапырағы үш салалы. Гүлі қос жынысты, ірі, ақ түсті, шашақты гүл шоғырына жиналған. Жемісі шырынды келеді, қара түсті, оның қабығы жұқа, тез сыдырылады, тосап, қою шырын және кисель т.б. күйінде пайдаланылады. Жидегінде 2,88—3,64% глюкоза, 3,12-3,24% фруктоза, 0,35-0,58% сахароза бар. Мата және жіп бояу үшін де қолданылады. Сондай-ақ шірнелі, витаминді өсімдік.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Өсімдік туралы Қожақат – раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі – 1-3 метр. Сабақтары тікенекті. Жапырақтары сопақша, жиектері аратісті. Мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері ақ және қызғылт түсті, сабағының басында шоғырланып орналасқан және өте көп жидекті болады. Біріккен дәндерден (сүйекшелерден) тұратын жидегі маусым, шілде айларында пісе бастайды. Оның түсі алдымен жасыл, кейін қызғылттау, содан кейін қызыл, ал піскенде қара болады. Пісіп болғанда, жидегі өздігінен жерге түсе бастайды. Дәмі қышқылтым тәтті. Қожақат дәні арқылы көбейеді. Сонымен қатар қалемшелеп те, түбін бөліп те оңай көбейтуге болады. Қожақат жақсы өнім беру үшін оның мұртшаларын кесіп, күтім жасау қажет.Табиғатта қожақат ормандарда, қылқанжапырақты ағаштар арасында, өзен аңғарларында, бұталардың арасында, шалғынды, ылғалы мол тоғанды жерлерде жақсы өседі.
Қолданылуы Қожақат құрамында глюкоза, фруктоза, қант, аскорбин қышқылы, каротин, органикалық қышқылдар, илікті, пектинді заттар, С, Р, К, Е және В тобының дәрумендері, минералдық заттар, макро, микроэлементтер бар. Қожақаттан жасалған қайнатпаны несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, қан қысымын төмендетуге, іш тоқтатуға, қан аздықта, жүйке ауруларында, бронхитте, жөтелде де қолданады. Қожақат жемісін сол қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, халық медицинасында жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып, шай орнына ішеді. Сонымен қатар қожақаттан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.
Қожақат туралы тақпақ
Құрамында мыс та бар,
Марганец, калий де.
Қожақатты көп жесең,
Ем болады, әрине.
Тағы қараңыз Құлпынай
Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Дереккөздер</span> Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
Санат:Раушангүлділер
an:Esbarzera bg:Къпина ca:Esbarzer chr:ᎧᏄᎦᎸ cy:Mwyaren da:Almindelig Brombær de:Brombeeren eo:Rubuso es:Rubus ulmifolius fi:Karhunvatukka fr:Ronce commune he:פטל שחור hu:Vadszeder it:Rubus ulmifolius ja:ブラックベリー nl:Braam (plant) no:Bjørnebær nrm:Rubus fruticosus pl:Jeżyna pt:Amora-silvestre ru:Ежевика simple:Blackberry sv:Björnbär tr:Böğürtlen zh:黑莓