Жамаладдин Босақов (15 мамыр 1918, Алматы облысы Жаркент — 12 наурыз 1987, Алматы) — жазушы.

ҚазМУ-ді бітірген (1960). 1951 — 1987 жылдары “Жазушы” баспасында ұйғыр әдебиеті бөлімін басқарды. Шығармалары Алғашқы әңгімелері “Достық” жинағына (1952) кірді. “Халық жыршысы” атты тұңғыш кітабы 1957 жылы жарық көрген. “Таң самалы” (1969) “Жалын” (1971) повестері “Мұғалімдер” романы (1975) “Дүрбелең” роман-дилогиясы (1964, қазақ тілінде 1983) “Біздің Сулихи” шығармалар жинағы (1982) — автордың қарымды еңбегінің нәтижелері. Босақов шығармаларында Қазақстандағы ұжымдастыру кезеңі, ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, адамгершілік мәселелері көрініс тапқан. “Қайнам” (1967) “Назугум” (1980) пьесалары Республикалық ұйғыр театры сахнасында қойылды. М.С. Бубенов, Т.З. Семушкин, И.Т. Мамякин, А.Қадыри, Ю.П. Герман шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалады. Босақов шығармалары қазақ, орыс, өзбек, башқұрт тілдеріне аударылды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:15 мамырда туғандар Санат:1918 жылы туғандар Санат:Жаркентте туғандар Санат:12 наурызда қайтыс болғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Ұйғыр жазушылары Санат:Қазақстан ұйғырлары Санат:Қазақстан аудармашылары