Бұршақбай тамы – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші (1867).
Орналасқан жері Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылының солтүстік-шығысына қарай 5 км жерде.
Зерттелуі Ескерткішті бірінші рет 1987 жылы Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтының Батыс Қазақстан этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.Е. Әжіғалиев) зерттеген.
Кесене сипаты Кесене 9,50х9,50 шаршы метрлі төртқырлы пирамида тәрізді күмбезді ғимарат. Ішке енетін ойық батыстан оңтүстікке қарай 20 градус қиғаш доғалдана салынған. Бұл бөлік алғашында шағын портал-қалқамен безендіріліп, ғимарат бұрыштары мұнараға ұқсастырылып бекітілген. Кесене саман араластырылып саздан құйылған 7 — 8 х 17 — 18 х 34 — 35 см көлемдегі шикі кірпіштен тұрғызылған. Сақталған бөлігінің ең жоғары биіктігі 5,20 м. Ішкі жағында кесене қабырғаларының әрқайсысы жарты шар тектес үш-үштен тайыздау қуыстармен өрнектелген. Бөлменің ішінде шикі кірпіштен шығыстан батысқа қарай созылған “сағана” тәрізді баспалдақты қабіртастың қалдығы байқалады. Осы бойда батыс қабырғаның сыртына құлпытас қойылған. Қазір солтүстік-шығысқа қарай қисайып кеткен бұл құлпытас көпқатарлы қазақ құлпытастарының сәнді-мүсіндік түріне жатады. Бұршақбай тамы 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың тұрғын үй құрылысының белгілері байқалатын және тас қашау өнерінің, эпиграфиканың іздері сақталған ескерткіш.Қазақ Энциклопедиясы II том
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері