Агриппина Яковлевна Ваганова (6.7.1879, Санкт-Петербург — 5.11.1951, сонда) — орыс бишісі, балетмейстер, педагог. Ресей Федерациясының халық артисі (1934), профессор (1943).
Санкт-Петербург театр уч-щесін бітірген (1897). 1917 жылдан бастап пед. қызметпен шұғылданды. 1931 — 37 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) опера және балет театрының көркемдік жағын басқарып, П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” мен Ц.Пунидің “Эсмеральда” балетін қойды. Ваганова — “Класикалық би негіздері” (1934) оқулығының авторы. Ол кеңестік балет өнеріндегі классикалық би мектебінің жүйелерін нығайтуда үлкен рөл атқарды.
КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1946). Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:26 маусымда туғандар Санат:1879 жылы туғандар Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:5 қарашада қайтыс болғандар Санат:1951 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Ресей империясы балет әртістері Санат:XIX ғасыр балет әртістері Санат:XX ғасыр балет әртістері Санат:КСРО балетмейстерлері Санат:КСРО балет педагогтары Санат:Мариялық театры балет әртістері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:РКФСР халық әртістері Санат:Санкт-Петербург театралдық училищесі түлектері Санат:Мариялық театры балетмейстерлері Санат:Мариялық театры балет труппасы жетекшілері Санат:Ленинград хореография училищесі оқытушылары Санат:Балет әдістемелері туралы кітаптар авторлары Санат:Агриппина Ваганова