Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы — ұйымның ең жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасы және халықаралық дипломатиядағы маңызды фигуралардың бірі. Бас хатшыны тағайындау рәсімі БҰҰ Жарғысында бекітілгенімен, нақты тәжірибесі уақыт өте келе қалыптасқан дәстүрлер мен саяси келісімдерге негізделеді. Қазіргі Бас хатшы Антониу Гутерриш өзінің екінші мерзімін 2026 жылдың соңында аяқтайды.
БҰҰ Жарғысының 97-бабына сәйкес, Бас хатшыны Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойыншатағайындайды. Лауазым мерзімі әдетте 5 жылды құрайды және тәжірибеде бір рет қайта сайлану мүмкіндігі бар (екі мерзімге дейін).
Бас хатшыны таңдау процесі Бас хатшыны таңдауда негізгі шешуші орган — БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК). ҚК құрамы:
5 тұрақты мүше: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция 10 уақытша мүше (2 жылдық мерзімге сайланады)
Кеңес мүшелері жабық консультациялар өткізеді. Бірнеше бейресми дауыс беру раундтары (straw polls) жүргізіледі. Арнайы түрлі түсті бюллетеньдер пайдаланылады: Бұл тұрақты мүшелердің ұстанымын анықтауға мүмкіндік береді. Егер тұрақты мүшелердің бірі «қарсы» болса, бұл — вето белгісі. Процесс келісілген кандидат табылғанға дейін жалғасады.
Бас Ассамблеяның рөлі Қауіпсіздік Кеңесі келісілген кандидатураны ұсынғаннан кейін:
Бас Ассамблея оны ресми түрде бекітеді. Әдетте бұл аккламация арқылы (қол шапалақтау арқылы) жүзеге асады. Бас Ассамблея іс жүзінде ұсынысты қабылдайды, бірақ кандидат таңдауда негізгі ықпал ҚК-де болады.
Аймақтық ротация дәстүрі Ресми түрде бекітілмегенімен, БҰҰ-да аймақтық ротация дәстүрі қалыптасқан:
9 Бас хатшының ішінде: 4 — Батыс Еуропадан 2 — Африкадан 2 — Азиядан 1 — Латын Америкасынан
Бұл тәжірибе келесі кандидаттың қай өңірден шығатынына қатысты саяси күтулерді қалыптастырады.
Кандидаттарды ұсыну және науқан Сайлау процесі келесі қадамнан басталады:
Бас Ассамблея төрағасы мен Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы мүше мемлекеттерге ресми хат жолдайды. Мемлекеттер кандидаттарды ұсынады.
Соңғы реформалар (2025) 2025 жылғы 5 қыркүйекте қабылданған Бас Ассамблеяның 79/3271 қарары рәсімді жетілдірді. Жаңа талаптар бойынша:
Кандидаттардың бағдарламалық мәлімдемелері жариялануы тиіс Қаржыландыру көздері ашық көрсетілуі қажет БҰҰ-ның қызметкерлері кандидат болған жағдайда: Уақытша қызметінен кетуі керек
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын таңдау кезінде кандидаттың өңірлік шығу тегі маңызды факторлардың бірі болып қала береді. Ресми түрде бекітілмегенімен, БҰҰ-да аймақтық ротация қағидасы қалыптасқан. Соған қарамастан, іс жүзінде бұл қағида әрдайым сақтала бермейді: мысалы, 2016 жылы күтілген Шығыс Еуропа өкілінің орнына Португалиядан шыққан Антониу Гутерриш сайланды.
Қазіргі таңда сарапшылар Латын Америкасы аймағының мүмкіндіктерін жоғары бағалайды, өйткені бұл өңірден тек бір ғана Бас хатшы (Перу өкілі Хавьер Перес де Куэльяр) болған.
Негізгі кандидаттар
🇨🇱 Мишель Бачелет (Чили)
Чилидің бұрынғы президенті БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының бұрынғы басшысы
🇨🇷 Ребека Гринспан (Коста-Рика)
БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) басшысы Коста-Риканың бұрынғы вице-президенті
🇦🇷 Рафаэль Гросси (Аргентина)
Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас директоры Бұрынғы дипломат Кейбір халықаралық БАҚ-та келесі тұлғалар да аталады:
🇧🇴 Давид Чокеуанка — Боливия вице-президенті 🇧🇧 Миа Моттли — Барбадос премьер-министрі 🇪🇨 Мария Фернанда Эспиноса Гарсес — БҰҰ Бас Ассамблеясының бұрынғы төрайымы
Гендерлік фактор Бұл сайлауда ерекше назар аударатын мәселе — гендерлік теңдік:
Қарастырылып отырған негізгі кандидаттардың көпшілігі — әйелдер БҰҰ тарихында бірде-бір әйел Бас хатшы болмаған Кейбір мемлекеттер алғаш рет әйелді сайлауға шақыруда
БҰҰ Бас хатшыларының тізімі № Аты Фото Мемлекет Өкілдіктің басталуы Өкілдіктің аяқталуыНегізгі оқиғалар - Глэдвин Джебб100px Ұлыбритания(Батыс Еуропа)24 қазан 19451 ақпан 1946БҰҰ-ның алғашқы құрылу кезеңі
Алғашқы Бас Ассамблея сессиясы (1946, Лондон) 1 Трюгве Хальвдан Ли100px Норвегия(Батыс Еуропа) 2 ақпан 194610 қараша 1952Мемлекет құру мен деколонизация
Берлин дағдарысы (1948-1949)
Грекия азаматтық соғыс (1946-1949)
Корея соғысы (1950–1953)
БҰҰ құрылымының қалыптасуы 2 Даг Хаммаршельдсүрмесіз|142x142 нүкте Швеция(Батыс Еуропа)10 сәуір 195318 қыркүйек 1961Суэц дағдарысы (1956)
Конго дағдарысы
Бітімгершілік миссиялардың дамуы
Қызмет барысында қаза тапты (1961) 3 У Тан100px Бирма(Азия)30 қараша 19611 қаңтар 1972Кариб дағдарысы (1962)
Конго соғысы (1960-1965)
Вьетнам соғысы (1955–1975)
Деколонизация процесінің күшеюі 4 Курт Вальдхайм100px Аустрия(Батыс Еуропа) 1 қаңтар 19721 қаңтар 1982Қоршаған ортаны қорғау БҰҰ конференциясы (1972)
Вояджерлер дауысы (1977)
Солтүстік Кореяға сапары (1979)
Иранда АҚШ азаматтарын тұтқындау (1979)
Таяу Шығыс қақтығыстары
Кипр дағдарысы (1974)
Қырғи қабақ соғыстың жалғасуы 5 Хавьер Перес де Куэльяр100px Перу(Оңтүстік Америка) 1 қаңтар 19821 қаңтар 1992Фолкленд (Мальви) дағдарысы
Иран–Ирак соғысы (1980-1988)
Ауған соғысы
Орталық Америка дағдарысы. Сальвадор мен Никарагуа
Намибия және Оңтүстік Африкадағы апартеидтің аяқталуы
Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы 6 Бутрос Бутрос-Гали100px Мысыр(Африка) 1 қаңтар 19921 қаңтар 1997Югославия соғыстары
Руандадағы геноцид (1994)
БҰҰ реформалары туралы бастамалар
Тек бір мерзім (АҚШ вето) 7 Кофи Аннан100px Гана(Африка) 1 қаңтар 19971 қаңтар 2007Ирак соғысы (2003)
Мыңжылдық даму мақсаттары
БҰҰ мен Аннанға Нобель сыйлығы (2001)
Кипр жоспары
Дюбберс дауы
АҚШ пен дауы 8 Пан Ги Мун100px Оңтүстік Корея(Азия)1 қаңтар 2007 1 қаңтар 2017Судан дағдарысы
Климат өзгерісі келісімдері (Париж келісімі, 2015)
Сириядағы соғыс
Тұрақты даму мақсаттары (SDGs)
Ливия соғысы
Қырымды Ресейге қосып алу 9 Антониу Гутерреш()100px Португалия(Батыс Еуропа) 1 қаңтар 2017Қазір офисте COVID-19 пандемиясы
Украинадағы соғыс
Климат дағдарысы
Украйнадағы соғыс
Палестина мәселесі
Карабах соғысы
Венесуелла дағдарысы
АҚШ - Иран соғысы
БҰҰ тиімділігіне қатысты сынның күшеюі
Дереккөздер
Санат:Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшылары