thumb|Мөңке балығы
Мөңке () — тұқы тұқымдасына жататын балық. Мөңке балық - тұщы суда мекендейді. Қазақстанда Жайық, Жем, Ырғыз, Торғай, Нұра, Ертіс өзендерінің су алабында кездеседі. Өзен, көл тартылғанда, не су қатқанда 70 см-ге дейін су түбіндегі лайға көміліп, қатты суықтан не ыстықтан сақтанады. 2 түрі бар: алтын мөңке және бозша мөңке. Еуразия қоймаларында таралған.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Ұзындығы 35–45 см-дей, салмағы 2-3 кг-дай. Мөңкенің бүйірі алтын түстес, алтын сияқты сары түсті, жүзбе қанаттары қызыл-қоңыр, ал арқасы қара, қара-қоңыр түсті болады. Қабыршағы тегіс. Жыныстық жағынан аналығы 3–4, аталығы 2–3 жасында жетіледі. Жыныстық жетілуі 4-5 жылға созылады. Өсімталдығы, 300 мың уылдырық шашады. Уылдырығын (300 мыңдай) мамыр–маусым айларында су температурасы 17–18°C болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Бұлар негізінен зоопланктонмен, планктонмен, зообентоспен, жәндіктер дернәсілдерімен, өсімдікпен және өлексемен (детритпен) қоректенеді. Қорек ретінде өсімдікті сирек пайдаланады. Мөңкенің кәсіптік маңызы бар.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Тұқылар Санат:Қауіптен тыс түрлер Санат:Тұщы су балықтары Санат:Кәсіпшіліктік балықтар Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар