Бүркіт бесігі — ителгі, қаршыға, сұңқар, бүркіт, т.б. қыран құстарды суыққа тоңдырмауға, көшіп-қонғанда көлікке орналастыруға қолайлы, шыбықтан тоқылған бесік. Оны кейде құндақ деп те атайды. Талдырып басқан жұқа киізден не арасына жүн, мақта салып сырған матадан жөргек тігіп, сонымен қыран құсты орап, Бүркіт бесігіне таңып қояды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Бүркіт бесігі · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.