‘‘‘Мохуба’’’Қазақстан энциклопедиясы, VI-том (туған, өлген жылдары белгісіз) – ‘‘Муюн’’ (Мужун) мемлекетінің негізін салушы. Моңғол тілді тайпалар одағы – ‘‘дунхудің’’ құрамына кірген сяньби тайпасының бас билеушісі (ван) болған. Мохуба қол астындағылармен бірге Оңтүстік Манчжурия даласынан Ішкі Қытайға қоныс аударып, Ляоси округіне (қазіргі Пекин маңы) орналасты. Бұл сяньбилердің прототүркі тілдес ‘‘сюнну’’ (хунну, ғұн) тайпалары есебінен күшеюі арқасында жүзеге асты. Сол заманда Ішкі Қытайда жастар арасында ‘‘буяйо’’ (сөзбе-сөз: “жүргенде тербеліп тұратын”) бас киімін кию сән болған. Осы бас киімге байланысты Мохуба қарамағындағы көшпелі ел де Мохуба Буяйо деп аталған. Кейін “буяйо” сөзінің айтылуы өзгеріске ұшырап, ‘‘Мужунға’’ айналған.
Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы Гумилев Л.Н., Хунны в Китае, Мохуба, 1974 Материалы по истории кочевых народов в Китае ІІІ – V вв, в. 3, Мохуба, 1992
Санат:Тарих