IP мекенжайы () - Интернет протокол мекенжайы бұл әр құрылғыға (компьютер, принтер және т.б.) жеке-дара бекітілген нөмірлі белгі, бұл құрылғылар компьютер желісінде өзара қарым қатынас жасау үшін Интернет протоколын қолданады.
Статикалық IP мекенжайы Статикалық IP мекенжайы () — erep компьютер әрбір желіге қосылған сайын оған қызмет ететін провайдер компаниясы бір ғана мекенжай тағайындап беріп отырса, онда ол мекенжай статикалық IP мекенжайы болып саналады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
IP көмегімен сіз болашақта SIP-телефонияға айналатын аудио және видео қоңыраулар жасай аласыз.SIP телефония дегеніміз не?
Динамикалық IP мекенжайы Динамикалық IP мекенжайы () тұрақты IP мекенжайы сияқты тұрақты мекенжайы, бірақ ол кез-келген нақты құрылғыға мүлдем байланыстырылмайды. Оның орнына, олар белгілі бір уақыт ішінде пайдаланылады, содан кейін басқа құрылғылар оларды пайдалана алатын етіп мекенжай пулына оралады.
Дереккөздер
Сілтеме Подсетевые адреса (Mini-Howto)(рус) IP Subnet Calculator
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника