Әмір Тұрлыбайұлы Алданазаров (1.5.1915, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы — 22.1.1975, Алматы) — гематолог, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Ташкент медицина институтын бітірген (1941). 1948 — 56 жылдары Қазақстан ғылым академиясыныңӨлкелік патология (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, 1956 жылдан бөлім меңгерушісі болды.
Алданазаровтың негізгі ғылыми еңбектері: Қазақстанда қорғасыннан уланудан болатын қан жүйесіндегі өзгерістердің белгілері мен дамуын (патогенезін), сақтандыру шараларын және емдеу әдістерін зерттеуге арналған. 2 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдарменмарапатталған.Қазақ энциклопедиясы.
Сілтемелер
Санат:1915 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:1975 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері