Үкібав Хисемидолла Исхақұлы (10.11.1937 жылы туған, Ресей, Астрахань облысы Байбек с.) — ғалым-селекционер, ауыл шаруашылығының ғылыми докторы (1990), проффессор (1992), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003). 1964 Саратов малдәрігерлік институтын бітірген 1964 — 1968 Қалмақ АКСР-інің қаракөл өсіру кеңшарларында бухгалтердің көмекшісі, зоотехник, аға зоотехник қызметтерін атқарған 1968 — 1971 Бүкілодақтық мал шарушылығының ғылыми-зерттеу институтының аспиранты 1971 — 1973 Қалмақ етті мал өсіру ғылыми-зерттеу институтының қаракөл өсіру лабораторяның меңгерушісі 1973 — 1979 Қазақ қаракөл өсіру ғылыми-зерттеу институтының Батыс бөлімінің меңгерушісі 1979 — 1994 “Қаракөл” ғылыми өндірістік бірлестігінің директоры 1994 — 1997 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегі ғылыми-техника орталықтың төрағасы 1997 жылдан Батыс Қазақстан селекция-генетикалық тіректі бекетінің меңгерушісі
Үкібаевтың ғылыми еңбектері қаракөл қойлары терілерінің әр түрлі түстерін (янтарь, платина, бронза, т.б.) жасауға және құйрықты қойлардың етті-майлы тұқымдарының тез жетілу жолдарын зерттеуге арналған. Ол 115-тен аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 20 авторлық куәлігі бар. КСРО Мемлекеттік сыйлығын (1992), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын (2005) алған. “Халықтар достығы” ордені және медальдармен марапатталған.
Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Санат:Тұлғалар Санат:Ғылым