Гук Ин Цой (20 қаңтар 1926 жыл, Жапония Кореясы – 8 сәуір 2015, Алматы) — кеңестік кинорежиссер.
Өмірбаяны Цой шаруа отбасында дүниеге келген. КХДР үкіметі оны 1951 жылы КСРО-ға оқуға жіберді. 1958 жылы Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтының режисерлік факультетін (С. И. Юткевичтің шеберханасы бойынша) бітіргеннен кейін кеңес елін мекен етіп, өзінің шығармашылық қызметін Қазақфильм студиясынан бастады. Бұл «Маньчжуриялық нұсқа» 1989 жылы атты фильмінің кадры.
Ол осы студияда қойылған «Асау Ертіс жағалауында» (1959), «Шыңдағы шынар» (1965), «Артымызда Москва» (1967), «Тақиялы періште» (1968), «Медальдің үшінші жағы» (1976), «Жаушы асығады» (1980), «Жылан жылы» (1981), «Шоқан Уәлиханов» (4 сериялы телефильм, 1984; Қазақ КСР-і Мемл. сыйл., 1986), «Жусан исі» (1986), т.б. 20-дан астам көркем фильмдерді қоюға қатысты.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Guk In Tsoi / IMDb Цой Гук Ин / kinopark.by Цой Гук Ин / kinopoisk.ru
Санат:КСРО режиссёрлері