Айнабұлақ — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Абай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 122 км-дей жерде. Жақын темір жол бекеті — Талды (125 км).

Тарихы Айнабұлақ 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған. Абай атындағы астық кеңшарының орталығы болған. 1985 жылы ұлы Абайдың құрметіне ескерткіш қойылды. Жерінде марганец, көмір қазба байлықтары бар. Округ орталығынан 21 км жерде Абай кен руднигі жұмыс жасайды.

Инфрақұрылымы Округ елді мекендерінде (Айнабұлақ, Бетқұдық, Мыржық, Тақай) 12 шаруа қожалықтары, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жұмыс жасайды. 2 мектеп, отбасылық амбулатория, мәдениет үйі, кітапхана, пошта байланыс торабы бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Ең жақын Бүркітті темір жол стансасы 125 км қашықтықта.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1080 644 358 55,6 333 206 61,9 311 152 48,9

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері‎