Молодёжное — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл, Алёшин ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Боровской ауылынан батысқа қарай 22 км-дей жерде, Тобыл өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1694 адам (937 ер адам және 757 әйел адам) болса, 2009 жылы 991 адамды (468 ер адам және 523 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланды. 1954-1996 жылы астық өсіретін, Жангелдин атындағы кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Молодежноеда 1997 жылдан бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том.

Дереккөздер

Санат:Меңдіқара ауданы елді мекендері