Аккад империясы — осыдан шамамен 4300 жыл бұрын Месопотамияда құрылған алғашқы империя, тарихта құрылған бірінші империя деп есептеледі. Ол Аккад қаласын центр етіп, оның айналасын да қамтыған болып, тарихи кітаптарда біртұтас Аккад деп аталады. Империя Аккадттықтар мен Шумерлерді біріктіріп басқарған болатын. Аккад империясы бүкіл Месопотамияға, Левантқа, және Анатолияға дейін ықпал етті, Арабия түбегіндегі Ділмун мен Маганға (қазіргі Бахрейн мен Оман) әскер аттандырады.Mish, Frederick C., Editor in Chief. "Akkad" Webster’s Ninth New Collegiate Dictionary. ninth ed. Springfield, MA: Merriam-Webster 1985. ISBN: 0-87779-508-8
Б.з.д. 3-ші мыңжылдықта, Аккадтықтар мен Шумерлер қос тілді ортақ мәдениет қалыптастырады. Аккад тілі шығыс семит тілі жүйесінде болып, біртіндеп Шумер тілінен күшейе бастады, оның нақты уақыты әлі таласты болса да, зерттеушілер 3-ші және 2-нші мыңжылдықтар арасы деп топшылайды.
Аккад империясын б.з.д. 2330 жылдар шамасында Аккад қаласы билеушісі Аккадтық Саргон қалаған болатын. Ол әуелі Киш (Шумер) елі билеушісін талқандап, Аккад княздігін құрады. Кейін Умма патшасы Лугальзагесиге соққы беріп, Оңтүстік Месопотамияны жаулап алады.Қазақ энциклопедиясы, I том, Аккад патшалығы
Аккад империясының саяси көркею мезгілі б.з.д. 24-ші ғасырдан б.з.д. 22-ші ғасырлар арасында болып, Аккадтық Сарагонның жаулау шайқастарынан басталады.Zettler (2003), p. 20. "Brinkman's chronology places Sargon's accession at 2334, his successors, Naram-Suen and Sharkalisharri, under whom the dynasty presumably collapsed, at 2254–2218 and 2217–2193, respectively, and the Third Dynasty of Ur at 2112–2004. however, Brinkman noted that if Hallo's 40-year Gutian interregnum is correct then the Dynasty of Akkade would have to be dated 2293–2113. The middle chronology, however, is under attack, with various scholars arguing strongly in favor of a low(er) chronology and for various reasons. Without going into detail, Boese has placed Sargon's accession at shortly after 2250 (1982), Gasche, Armstrong, Cole and Gurzadyan at 2200 (1998) and Reade at 2180 (2001), with the Third Dynasty of Ur moved according." Саргон және оның мұрагерлері Аккад тілін Елам (Elam) және Гутиум (Gutium) секілді көрші мемлекеттерге таратты.
Аккад тарихтағы бірінші империя деп есептеледі, бірақ нақты мағынасы әлі талас үстінде, әсіресе олардан ерте құрылған Шумер мемлекеті әлі де зерттелу үстінде.F Leo Oppenhiem – Ancient MesopotamiaLiverani (1993), p. 3. "The factual criticism is that empires existed even before Akkad: or more properly that the term and concept of 'empire' has been recently applied (on not worse grounds than in the case of Akkad) to other older cases, from the Uruk of the late-Uruk period to the Ebla of the royal archives, to the very state formations of the Sumerian south in the period called in fact 'proto-imperial'. In no case is the Akkad empire an absolute novelty [...] 'Akkad the first empire' is therefore subject to criticism not only as for the adjective 'first' but especially as for the noun 'empire'.
Аккад империясын Гутилер құлатқан соң, Месопотамия халқы екі негізгі Аккадтілді ұлт болып қалыптасты: солтүстікте Ассирия және бірнеше ғасыр кейін құрылған оңтүтігіндегі Вавилон.
Тарихи зерттелуі Қазіргі таңда ғалымдар шумер және аккад тілдерінде жазылған аккад дәуірінің 7000-ға жуық мәтінін құжаттады. Ассирия және Вавилония секілді кейінгі мемлекеттердің көптеген мәтіндері де Аккад империясына қатысты айтады.
Зор талпынысқа қарамастан, Аккад империясын түсіну оның астанасы Аккад қаласының орыны әлі анықталмауының шектемесіне ұшырап отыр. Археологиялық орындардың дәлме-дәл анықталуы артефакт жиынтықтарын Алғашқы Династия кезеңнен басталады деп ойлау мен Аккадтық деп есептеу арасында нақты айырмашылықтық болмауының шектемесіне ұшырады. Сосын, Аккадтық деп саналатын материалдар Ур III кезеңінде де қолданылуын жалғастырады.
Аккад құлағаннан кейін Ассирияның бір бөлігі болды делінетін қазіргі Сирияның солтүстік-шығысындағы жоғарғы Хабур аймағында таяуда жүргізілген қазба жұмыстарынан Аккад империясына қатысты жаңа мәліметтер қолға түсті. Мысалы, Тел Мозандағы (ежелгі Уркеш) қазба жұмыстары арқылы Тарам-агаде (Tar'am-Agade) делінетін Нарам-Синнің бұрыннан белгісіз қызы бейтаныс жергілікті билеушімен (эндан) үйленген болуы мүмкін екендігі белгілі болды. Телл Лейланға (Tell Leilan, ежелгі Шехна / Шубат-Энлил, Shekhna/Shubat-Enlil) жақын маңдағы қазба нәтижелерін пайдаланып, ғалымдар 4.2 мың жылда бір қайталанатын құрғақшылық кенет Аккад империясында болуынан империя құлаған болуы мүмкін деп есептеді. Бұл климаттықтың Месопотамияға, әсіресе Аккад империясына әсері қазір қызу талқыланып жатыр.
Тел Бракт жүргізілген қазба жұмыстары бойынша, аккадтықтар әкімшілік орталық ретінде пайдалану үшін осы жерде қайтадан қала (Брак", немесе "Нагар") салады. Қалада екі үлкен ғимарат болған: біреуі ғибадатхана, сарай, аула кешені және үлкен пештер кешені.J. Oates (2004), pp. 5–8. "Following the destruction of the city sometime in the twenty-third century BC, Nagar was rebuilt by officials of the Akkadian Dynasty as a major centre of their provincial administration, a fact clearly attested in the cuneiform documents from this site."
Библияның "Жаратылым" 10:10-12 бөлімінде Аккад "ұлы қала" деп сипатталады:
"Нимрод патшалығының бастауы Бабыл, Эрех, Аккад, Шынар жеріндегі Калне. Осы жерден аттанған ол Ассирияға барып (сол ұлы қалаларға ұқсас) Ниневи, Рехебут-Ир, және Нинавеһ пен Калаһ арасындаы Ресенді құрды."American Standard Version (1901)
Нимродтың кімдігі белгісіз немесе таласты тақырып, кейбіреулер Нимродты Аккадтық Саргон десе,Douglas N. Petrovich: "Identifying Nimrod of Genesis 10 with Sargon of Akkad by Exegetical and Archaeological Means", Journal of the Evangelical Theological Society, 2013. https://www.academia.edu/2184113/_2013_Identifying_Nimrod_of_Genesis_10_with_Sargon_of_Akkad_by_Exegetical_and_Archaeological_Means басқалары оны Урук қаласының негізін қалаған аңыз тұлға Гильгамешпен салыстырған.
Мезгілі және кезеңі Аккад кезеңі деп ежелгі Таяу Шығыстың орта хронологиясы бойынша б.з.д.2334-б.з.д.2154жж аралығына, немесе Ежелгі Таяу Шығыстың қысқа хронологиясы бойынша б.з.д.2270-б.з.д.2083 аралығын айтамыз. Оның алдында Месопотамияның ерте династикалық кезеңі (ED) болғаны, ал одан кейін Ур ІІІ кезеңі болғаны мәлім. Мысалы: Аккадтық Саргон дәурендеуі кейінгі ED кезеңіне тұспа-тұс келеді, ал Ақкадтың соңғы патшалары Гутилер патшалығы патшаларымен бір мезгілде екі қалаға - Урук пен Лагаш - билік жүргізеді. Аккадтық кезең қазіргі замандағы EB IV (Израильде), EB IVA және EJ IV (Сирияда), және EB IIIB (Түркияда) қатарлыларға сай келеді.
Әміршілер реті мен мезгілі
Аккад патшаларының үстемдік тәртібі анықталған. Бірақ олар билеген уақыт мөлшермен алыған (негізінен б.з.д.1200 жылдан бұрынғы қола дәуір деректері анық емес.
Әміршілер Орта ХронологияБарлық уақыт б.з.д.Әулет ағашыАккадтық Саргон 2334–2279Римуш 2278–2270Маништушу 2269–2255Нарам-Син Аккадтық 2254–2218Шар-Кали-Шарри 2217–2193Дуду Акккадтық 2189–2169Шу-Туруl 2168–2154
Империяның тарихы мен дамуы Аккадтық Саргоннан бұрын thumb|right|300px|Кеңейгенге дейінгі Ақкад (жасыл түспен). Шумердің соңғы патшасы Лугал-Загей-Си басқарған аумақ (сарғыш түспен). Б.з.д. 2350 жыл
thumb|right|300px|Жеңіс стеласындағы Саргон бейнесі, ақсүйектерше шаш қойған, билік таяғын ұстаған, сол иығына белбеуі бар патша шапанын киген, оның артында қызметші қолшатыр ұстап тұр. Сына жазуында жазылған "Саргон патша" сөзі оның маңдай алдында тұр. Лувр мұражайы.
Аккад империясы атауы өңір атауынан және Аккад қаласының атауынан шыққан болып, екеуі де Тигр және Евфрат өзендері түйіскен тұсқа орналасқан. Аккад қаласы әлі жер бетінде анықталмағанымен, оны түрлі тарихи мәтінді дереккөздерден байқауға болады. Олардың арасында Саргон патшалығына қатысты да мәтін бар. Аккад есімі аккад тілінен шыққан сөз емес және Аккад қаласы Саргонға дейін де бар болған болуы мүмкін.
Аккадтық Саргон
Аккадтың Саргон Урук шайқасында Лугал-заге-сиді (Lugal-zage-si) жеңіп және тұтқындап, оның империясын басып алады. Аккад тіліндегі ең алғашқы жазбалар Саргон заманын жазып қалдырған. Саргон Лаибум (La'ibum), немесе Итти-Белдің (Itti-Bel) ұлы, бағбан болған, бәлкім иштар мен инанның діни қыдметкері болған. Ассирия заманындағы Саргонға қатысты бір аңызда бұл туралы айтылады:
Саргонға қатысты келесі деректер оның анасы «энту» (entu) діни қызметкері (бас діни қызметкер) екенін айтады. Бұл деректер оның асыл ақсүйек тұқымнан екенін әдейі білдіру үшін айтылуы мүмкін, өйткені ондай жоғары деңгейге тек жоғары дәрежелі отбасы мүшесі ғана қол жеткізе алады.
Алғашында Саргон семиттік Ур-Забаба атты Киш (шумер) патшасына шарапшы (Rabshakeh, ордада шарап құюшы) болады, кейін суару арналарын тазарту міндетіне жауап беретін бағбан болады. Ол заманда король шарапшысы болу көрнекті саяси мансап есептелген, ол әрі патшаға жақын болады, әрі лауазымы аталмайтын әр түрлі жоғары міндеттерді иелейді. Бұл оның тәрбие көрген біртоп қызметкерге ие болуына жол ашады, бәлкім солар Саргонның алғашқы әскері болған болуы мүмкін. Саргон Ур-Забабаны тақтан түсіріп, өзі патша болады және содан бастап ол айналасындағы елдерді жаулау соғысына аттанады.Samuel Noah Kramer, The Sumerians, Chicago University Press, 1971, Саргон Сирия мен Қанаан (Canaan) жеріне төрт рет басып кіреді және үш жылда "батысындағы" елдерді бойсұндырып, оларды Месопотамиямен түбегейлі біріктіріп, біртұтас империя құрады.
Бірақ Саргон бұл процессті одан ары жалғастырып, айналасындағы көптеген аймақтарды соғыспен жаулап, батыста Жерорта теңізіндегі Кипрге (Cyprus, Kaptara) дейін жетеді; солтүстікте алыстағы тауларға дейін жетеді, (кейінгі Хетт (Hittite) тілі мәтіндерінде айтылғанындай, Саргон Пурушанда (Burushanda) патшасы Нұр-Дағанмен (Nur-Dagan, кейде Nurdaggan) соғысып, Анатолияға ішкерлеп енеді); шығыста ол Эламнан (Elam) өтеді; оңтүстікте Маганға (Magan, Оман) дейін барады. Маган бұл империяға 56 жыл тәуелді болады, ал оны Саргон 4 жыл билейді. Ол басып алған бұл территориялардың бұрынғы қарсылас билеушілерінің орнын Аккад қаласының адал ақсүйектеріне алмастыру арқылы өз билігін нығайтады.
Сауда-саттық істері Анадолының күміс кеніштерінен бастап қазіргі Ауғанстандағы Лапис Лазули шахталарына, Ливан балқарағайлары мен Маган мысына дейін кеңейді. Шумер және Аккад қала-мемлекеттерінің бұл шоғырлануы Месопотамияның өсіп келе жатқан экономика және саяси күшін көрсетті. Империяның қоржыны Ассирияның жаңбырмен қоректенетін ауылшаруашылық жүйесіне түскен табыспен толды және бидай өндірісін бақылау үшін бекіністер тізбегі салынды.
Саргонның ескерткіштері оның жеңістерінің құрметіне Жерорта теңізі жағалауында орнатылды, жаулап алынған жерлердің олжасымен қалалар мен сарайлар салынды. Элам мен Месопотамияның солтүстік бөлігі (Ассирия / Субарту) де бағындырылды және Шумерде болған көтерілістер бастырылды. Канааан (Canaan) мен Гутиюм (Gutium) патшасы Сарлакқа (Sarlak) қарсы жорықтар басталған жылдарға қатысты келісімшарттық тақтайшалар табылды. Саргон сонымен бірге «төрт төңіректі жауладым» деп мақтанды: Аккадқа солтүстікте Ассирия, оңтүстікте Шумер, шығыста Элам және батыста Марту бағынды. Кейбір тарихнамалық мәтіндерде, ол Вавилон қаласын (Баб-илу, Bab-ilu) қалпына келтіргені айтылады.Даллли бұл деректі Аккадтық Саргон емес, Ассириялық Саргон II болуы мүмкін деп болжайды. Stephanie Dalley, "Babylon as a Name for Other Cities Including Nineveh", in Proceedings of the 51st Rencontre Assyriologique Internationale, Oriental Institute SAOC 62, pp. 25–33, 2005
Саргон бүкіл өмірінде шумер құдайларына, әсіресе қамқоршы Құдайы Инаннаға (Иштар, Inanna, Ishtar), Киш соғыс құдайы Забабаға (Zababa) ерекше құрмет көрсетті. Ол өзін «Анудың (Anu) діни қызметкері» және «Енлилдің (Enlil) құдіретті энсиімін (ensi)» деп атады. Саргонның қызы Энхедуанна (Enheduanna) Урдағы (Ur) ғибадатханада Наннаға (Nanna) діни қызметкер болды.
Саргон билігінің соңғы кезінде қиыншылықтар көбейді. Кейінгі Вавилон мәтінінде былай делінген: