Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 жыл, Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 жыл 7 наурызThat these undisputed dates (the first half of the Olympiad year 384/383 BC, and in 322 shortly before the death of Demosthenes) are correct was shown already by August Boeckh (Kleine Schriften VI 195); for further discussion, see Felix Jacoby on FGrHist 244 F 38. Ingemar Düring, Aristotle in the Ancient Biographical Tradition, Göteborg, 1957, , Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.
Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі Грек философиясының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.
Аристотель ғылым, даналық (философия) және парасаттың (қолданылмалы даналық) көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерттеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында метафизика, физика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол түрлі нақты салалар туралы терең әрі жан-жақтылы анализдеп қана қоймай, тұтас болмыс пен болу туралы, барболу мен шындық туралы, ақиқат пен әдіс туралы, ақыл мен ізгілік туралы жалпы философиялық жүйе қалыптастырды.
Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.
Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді.
Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде формалды логика ғылымы қалыптасты.
Аристотельдің метафизикалық ілімі иудаизмге және Түркілер философиясына зор ықпал етті. Ал оның христиан философиясына әсері, әсіресе Шығыс Ортодокс шіркеуінің философиясына және Рим-Католик шіркеуінің схоластика мектебіне ықпалы қазірге дейін жалғасып келе жатыр. Аристотель этикасы — Ниқомах этикасы деп те аталады, қазіргі заманға дейін айтарлықтай маңызға ие. Дегенмен ұлы ойшылдың барлық мұрасы түгел айқындалды деуге болмайды, Аристотель философиясының түрлі қырлары әлі де терең зерттелу үстінде.
Биология ғылымдарында ол жасаған кейбір зерттеулердің дұрыстығы тек ХІХ ғасыр ғана расталды. Аристотель - Гиппократтың шәкірті, философия ілімінің бірінші ұстазы ретінде сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстыру әдіснамасын пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу жасап, морфологиялық ғылыми тұжырымдар туғызды. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратынын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырлар байланысын дұрыс түсініп, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білді. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған болатынБиоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9Emily Kearns, "Animals, knowledge about," in Oxford Classical Dictionary, 3rd ed., 1996, p. 92.
Аристотель Түркі-Парсы ғалымдарына да жете таныс болды. Көптеген шығармалары орта ғасырда парсы, араб тілдеріне аударылды. Түркі-парсыдан шыққан Шығыс ойшылдары Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд қатарлы Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар шығыс перипатетиктері Аристотельді зерттеу мен ғаламды философиялық және ғылыми тануды қатар жалғастырды. Аристотель құрметтеліп «Бірінші Ұстаз» ("The First Teacher") деп дәріптелді. Ал, екінші ұстаз — түркі-қыпшақ ойшылы Әл-Фараби болатын.
Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар жазып қалдырды. Цицерон Аристотельдің әдеби стилін «алтын өзен» деп атап, оған салыстырғанда Платондікін "күміс өзен" деп бейнеледі. Бұл Аристотеьге қарағанда Платонның әдебилігі басым, философиялығы таза логикалық ақылға түсе бермейтіндігіне қатысты болса керек.
Біра, Аристотель жазбаларының көпшілігі бізге жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталғанJonathan Barnes, "Life and Work" in The Cambridge Companion to Aristotle (1995), .. Қазіргі өлшем бойынша, Аристотельдің шамамен 3000 беттей еңбегі сақталған, олар әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде Мәдени мұра бағдарламасы бойынша оның Метафизика, Этика секілді еңбектерінің кейбір тараулары үзіп-жұлып аударылды.
Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көз тоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.
Өмірбаяны және шығармашылығы Аристотель сөзінің грекше мағынасы «Ұлы мақсат» дегенді білдіреді.
Есімі "Ұлы мақсат" дегенді білдіретін Аристотель Солтүстік Македонияға қарасты Халкида түбегіндегі Стагира қаласында б. з. д. 384 жылы туған. Стагира қаласының орыны бұл күндері Салоникиден 55 км қашықтықта жатыр. Оның әкесі Солтүстік Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыптыAnagnostopoulos, G., "Aristotle's Life" in A Companion to Aristotle (Blackwell Publishing, 2009), .. Әкесі Никомах Аристотельдың бала кезінде қайтыс болады. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды.
Аристотель 17 жасында Афина қаласына барып, Платон Академиясында шамамен жиырма жыл бойы — б. з. д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады. Платон Аристотельді өте ұнатты деу қиын, бірақ оның қабілетін танып, "мектептің миы" деп атаған екен.Hazel, John (2013) . Who's Who in the Greek World. Taylor & Francis. ISBN 978-1-134-80223-4. Аристотель де Платонның негізгі көзқарастарына қарата өзгеше пікірде болған және Платонмен дауласып қалып отырған. Десе де, ол өмір бойы Платонға құрметпен қарады. thumb|right|200px|«Аристотель мен Ескендір: Аристотель сабақ беруде». Британ кітапханасы, мұсылман халықтары дәстүрінде Платон қайтыс болған соң, Академиядағы жаңа басшы математикаға көбірек назар бұрғандығына Аристотель төзе алмай, Афинадан кетедіCarnes Lord, introduction to The Politics by Aristotle (Chicago: University of Chicago Press, 1984).. Академияның жаңа басшыларының идеясын жақтамаса да, ол академиямен байланысын үзбеген. Кейін ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы (Бүгінгі Түркиядағы) Гермиас патшаның иеліктеріне сапар шегеді. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Гермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Одан туған қызды да Пития деп атады. Гермиас кішігірім бүлікте кездейсоқ өлтірілген соң Аристотель отбасымен Кіші Азиядан кетуге мәжбүр боладыSee Shields, C., "Aristotle's Philosophical Life and Writings" in The Oxford Handbook of Aristotle (Oxford University Press, 2012), . Düring, I., Aristotle in the Ancient Biographical Tradition (Göteborg, 1957) is a collection of [an overview of?] ancient biographies of Aristotle..
Сол кезде Аристотельді Македония патшасы ІІ Филипп өзінің 13 жасар ұлы Ескендірге (Македондық аты Александр) тәлімгер болуға шақырады. Бұл кезде ол тек Ескендірге ғана емес, басқа екі болашақ патшаға, яғни І Птолемей Сотерге және Кассандрға да сабақ бергенPeter Green, Alexander of Macedon, University of California Press Ltd. (Oxford, England) 1991, . Ол Ескендірді "Гректерге жетекші болуға, варварларға қатал болуға, шаруаларға досы мен туысына көмектескендей көмектесуге, басқаруда әрі қатал, әрі жұмсақ болуға" үйретеді.
Плутархтың жазуынша, Аристотель Ескендірге этика, саясаттану және философия үйреткен. Аристотель өз қабілетінен пайдаланып Ескендірдің дүниетанымына үлкен әсер еткені анық. Дәл Аристотельдің әсерінде Ескендір ғылым-білімге құрмет етті. Ол мемлекет қазынасынан қомақты қаражат бөліп, қызметшілерді жұмылдырып, Аристотелдің көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізуіне септесті. Дегенмен, Аристотель Ескендір құрған империяны да, Ескендірдің саяси көзқарасын да жақтамағаны кітаптарынан байқалады. Аристотельдің саяси көзқарасы түрлі басқару тәсілдерінің озық үлгілерін өзара тоғыстыру, әсіресе аристократия мен демократияны бірлестіру болғандықтан, Ескендірдің орталықтандырылған империясы жабайылыққа қайту есептеген.
Ескендірге бірнеше жыл тәлім бергеннен кейінBertrand Russell, A History of Western Philosophy, Simon & Schuster, 1972. Аристотель Афинаға қайтып оралды. Афинада оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагиралық Герпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды. thumb|left|350px|Аристотельден бір ғасыр бұрынғы Афина империясы картасы, б.з.д.431ж. Пелопоннес соғысы қарсаңы. Б. з. д. 335 жылы ол Афинаның Ликей деген жерінде өз мектебін () ашты. . Ликейде Аристотель сабақ беру мен шығармашылықты қатар қолға алады. Оның сабақ өту тәсілдері ерекше болды. Ол әдетте жүзім бараңдары мен бау-бақшада серуендеп жүріп, шәкірттерімен түрлі ғылым салалары туралы пікірлескен. Сондықтан Аристотель мектебін кейде "серуен философиясы" деп те атайды және Аристотелге ілесушіні серуенші (Перипатетик) деп атайды. Шығыс ойшылдар: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн-Рушд қатарлы — Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар, «мұсылман перипатетиктері» деп аталады.
Аристотель көптеген философиялық еңбектерін өмірінің осы кезеңінде (бзд.335 - 323 жж) жазған деп есептеледі.. Оның табиғат және физика туралы жаратылыстанулық және философиялық еңбектері Платон диалогтарына қарағанда күрделі болып келеді. Кейбір диалогтардың жазылғаны белгілі, алайда олардың аз бөлігі ғана сақталынған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан, көпшілігі жалпы таратуға арналмаған.
Ғылым шынайы мағынада Аристотелден басталды, сол себепті кейінгі ғалымдардың бәрі Аристотельге қарыздар деп есептеледі. Аристотель тұңғыш ғылымдарды түрге бөлуші, әрбір ғылымның нені зерттейтінін айқындаушы болды. Аристотель сол кездегі ғылымның барлық саласы туралы ізденіп, әрбір ғылым саласында бағалы еңбектер қалдырды. Ғылым саласында ол анатомия, астрономия, экономика, эмбриология, география, геология, метеорология, физика, зоология салаларын зерттеді, философия саласында эстетика, этика, саясат, үкіметтану, метафизика, психология және теологияны зерттеді, мәдениет саласында білім беру, әдебиет, поэтика зерттеді. Оның осынау ғылым мен философия саласындағы кітаптары ежелгі заман ғылымын негізінен түгел қамтыған білімнің энциклопедиясы болды. Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.