Бидайкөл (1997 жылға дейін — Гигант) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Бәйтерек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан оңтүстік–шығысқа қарай 3 км-дей жерде, Телікөл каналының батыс жағындағы шөлді белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2616 адам (1298 ер адам және 1318 әйел адам) болса, 2009 жылы 2901 адамды (1455 ер адам және 1446 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы 1997 жылға дейін "Гигант" аталып келеді. Іргесі 1928 жылы осы маңда ұсақ серіктестіктердің бірігуіне байланысты қаланды. Ауылда күріш және мал өсірумен айналысатын өндірістік серіктестіктер мен шаруа қожалықтары жұмыс істеді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері