Абдуллаев Микаил Гусейноғлы — Әзірбайжан кескіндемешісі, графикашы.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9 19.12.1921 жылы Бакуде туған. 1939 — 49 жылдары В.И.Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтында оқып, С.В. Герасимов, В.А.Фаворскийден дәріс алған. Абдуллаев негізінен әзірбайжан халқының өткені мен бүгінгі өмірі жайында, лирикалық тақырыпта кескіндемелік және графикалық туындылар салумен шұғылданады.
Жеткен жеістіктері: КСРО халық суретшісі (1963). КСРО Көркемсурет академиясының корроспондентер мүшесі (1958). Ленин орденімен марапатталған.
Туындылары: “Қорқыт ата кітабы” (1956) мен Физулидің “Ләйлі— Мәжнүн” дастанын (1958) безендірді. Абдуллаевтың кескіндеме саласындағы “Кеш” (1947), “Мингәчевир оттары” (1951) картиналары, “Әзірбайжан даласында” (1963 — 65), [Күрішші қыздар | “Күрішші қыздар”] (1970) триптихы Бакудегі Әзірбайжан мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы. “Аракс өзенінің арғы бетінде” (1950), “Үндістан көріністері” (1957 — 60) картиналары Мәскеудегі Шығыс халықтарының өнері мұражайына қойылған. “Жүз жастағы А. Бабаев” (1961) портреті Третьяков галареясына қойылған.
1965 жылдан Әзірбайжан өнер институтында сабақ береді.
Дереккөздер
Санат:Өнер